«Сергек» камералары арқылы Атырауда 140-мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды

«Сергек» камералары арқылы Атырауда 140-мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды
Жол жүру қағидаларын бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін «Сергек» бейнебақылау камералары қала аумағындағы автокөлік жолдарының 153 желілік учаскелеріне және 51 реттелетін көше қиылысына орнатылған. 1224 «Сергек» бейнебақылау камерасы жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркесе, 1997 камера қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Айта кетсек, жыл басынан бері «Сергек» бейнебақылау камералары арқылы 140-мыңға жуық заңбұзушылық анықталған.
 
«Сергек» бейнебақылау жүйесі қиылыстың алдында көліктердің дұрыс емес қатарға тұру, рұқсатты жылдамдықты арттыру, қызылға өту, жол белгілері мен жолақтарының талаптарын бұзу, тыйым салынған жерге тоқтағанын тіркеп көлік иесіне айыппұл жазып бере алады.
Осы ретте, полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтап жүруге шақырады.