Атырауда көпірден секіріп өлемін деп журналистерге хабарласқан ер адам автобус дөңгелегіне түспек болды

Атырауда көпірден секіріп өлемін деп журналистерге хабарласқан ер адам автобус дөңгелегіне түспек болды

Бүгін, 30 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында 1991 ж.т., тұрғын жергілікті журналистке қоңырау шалып көпірден секіріп өз-өзіме қол саламын, келіп бейнетаспаға түсіріңіз деп хабарлаған. Қоңырау тұтқасын қойған журналист бірден полицияға хабар берді. Атырау қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлері аталған азаматты көпір үстінен байқап, бірден жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Полиция келгенше аталған азамат көпір үстінде қозғалып келе жатқан автобус астына түспек болған. Аталған 1991 ж.т. ер адам Атырау қаласы полиция басқармасына жеткізіліп, жедел тергеу тобына тапсырылды.