6 қыркүйек – Анықтау қызметі күні

6 қыркүйек – Анықтау қызметі күні
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1991 жылғы 6 қыркүйектегі бұйрығымен ішкі істер органдарында дербес штаттық анықтау қызметі құрылды. Анықтаушының жұмысы жауапты әрі қажырлы. Бұл мамандардың басты міндеті - қылмыстың барлық егжей-тегжейін қалпына келтіру, оларды жасаған адамдардың әрекеттерінің себептерін мұқият түсіну. Адамдарды сұрастыру және әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау немесе қылмыс белгілері болған жағдайда қылмыстық іс қозғау. Анықтау кезеңінде азаматтың қандай да бір қылмыс немесе құқық бұзушылық жасаған уәжін түсіну маңызды.
Биыл анықтау қызметіне - 31 жыл. Осынау айтулы мереке қарсаңында Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Болат Көшқалиев қалалық полиция басқармасының анықтау бөлімі қызметкерлерін төл мерекелеріне орай алғыс хатпен марапаттады.
Атырау облысы полиция департаменті бастығы анықтау қызметінің барша қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады