30 шілде – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні

30 шілде – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні
Бүгін, 30 шілде- Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні. Адам саудасы - әлемнің басты проблемаларының бірі. Қорқынышты құқық бұзушылықтың мұндай түрлері тіпті көп, соның ішінде - мәжбүрлі еңбек, құлдық, жыныстық қанаушылық, сондай-ақ, адам ағзаларын сатуға алу. Қазақстан да әлемнің көптеген елдері сияқты адам саудасымен күресті басты бағдар етіп алған. Бұған қарамастан адамды саудалау, оны ұрлау, еркінен тыс мәжбүрлеп жұмыс істету фактілері толастар емес.
Атырау облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері осы орайда жоспарлы түрде профилактикалық жедел іс-шаралар өткізіп, халық арасына үндеу жұмыстарын жасап отырады. Себебі, жоғарыда айтып өткеніміздей бұл жаһандық проблема. Мәселен, бірінші жарты жылдықта өткізілген “STOP-Трафик” жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабы бойынша қоғамдық орында тиісудің -34 фактісі, ҚР ӘҚБтК-нің 450 бабы бойынша, көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесн жеңгетайық үшін үй-жайлар ұсынудың - 2 фактісі анықталды, олардың әрқайсысына әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, ҚР ҚК-нің 309 бабы бойынша, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлықтың -1 фактісі, ҚР ҚК-нің 134 бабы бойынша Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту 1-фактісі, ҚР ҚК-нің 308 бабы бойынша Жезөкшелікпен айналысуға тартудың -1 фактісі анықталды.
Жезөкшелікпен айналысатын тұлғалар жиналатын жерлер, интернет-сайттар мен жарнамалық хабарландырулар тексеріліп, ғаламтор желісінде орналасқан сайттар бойынша жарнама берген 25 жезөкше қыздар анықталып, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, алдағы уақытта интернет сайтында сексуалдық қызметтер ұсыну туралы анкета жарнамалауға болмайтынын ескертіп, 25-қыз “жеңгетай жезөкше” санатына есепке қойылды.