«Қарасора іс-шарасы»: Атырауда тас жолда 17 келі марихуанна тасымалдаған күдікті ұсталды

«Қарасора іс-шарасы»: Атырауда тас жолда 17 келі марихуанна тасымалдаған күдікті ұсталды
Атырау облыстық прокуратурасының бастамасымен Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің және Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бірлесуімен аса ірі көлемдегі есірткі затын тасымалдау фактісін анықталды. Тәртіп сақшылары «Атырау-Ақтөбе» тас жолының 30 шақырымында маркасы «Toyota Ipsum» тоқтатып, тексеру кезінде жалпы салмағы 17 кг болатын «марихуана» есірткі затын анықтады.
Аталған дерек бойынша Атырау қалалық Полиция басқармасымен ҚК-тің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қамауға алынған.
Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.