Автобус және такси жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Автобус және такси жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Атырау қаласының аумағында 25 маусым-31 желтоқсан күндері аралығында "Такси және автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шараның мақсаты -жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру.
Осыған орай, 29 маусым күні патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілері мен такси жүргізішілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты.