Атырау қаласының аумағында 13-21 маусым аралығында “Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!”республикалық акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты- тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылыққа хабарлау, халықтың кең ауқымын аталған мәселеге аудару, сондай-ақ азаматтардың полицияға сенімі деңгейін арттыру.
Осы орайда, 15 маусым күні Атырау қаласы полиция басқармасының зорлық-зомбылықтан әйелдер құқығын қорғау жөніндегі тобының қызметкерлері еріктілермен бірлесіп қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар мен балаларға шар таратты.