Жол ережесін бұзған 37 атыраулық жүргізушісі 3 млн теңгеге жуық айыппұл төлеуден жалтарған

Жол ережесін бұзған 37 атыраулық жүргізушісі 3 млн теңгеге жуық айыппұл төлеуден жалтарған
Атыраулық полицейлер 1 апта ішінде жол ережелерін бұзып, төленбеген 2 млн 796 мың теңгені құрайтын айыппұлдары бар 37 көлік жүргізушісі анықталып, аталған автокөліктер арнаулы тұраққа қойылды.
Мәселен, 3 мамыр күні Жедел басқару орталығының қызметкерлері “Interceptor” іздеу жүйесі арқылы 245 145 мың теңгені құрайтын төленбеген он төрт айыппұлы бар Ресей елінен әкелінген Ваз-2114 автокөлігін анықтады. Патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама беріп, ол бойынша аталған автокөлік патрульдік полицейлермен тоқтатылып, ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес арнаулы тұраққа қойылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.