Полицияның сервистік модельі: жазасын өтеушілерге сауалнама жүргізілді

Полицияның сервистік модельі: жазасын өтеушілерге сауалнама жүргізілді
Атырауда полицияның сервистік модельін енгізу мақсатында Атырау облысы әкімінің өкімімен құрылған ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері Атырау облысында құқық бұзушылықты алдын алуда сервистік тәсілді енгізу бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.
Топ мүшелері қылмыскердің бейнесін, қылмыс жасаудың мотивтерін, әлеуметтік экономикалық жағдайдың қылмыс жасауға қатыстылығы, сотталған адамдардың өздерінен профилактикалық әдістерін және олардың босатылғаннан кейін оңалту жоспарларын анықтау мақсатында түзеу мекемелеріндегі 200-ден астам жазасын өтеушілерге сауалнама жүргізді.
Сауалнамадан Атырау облысында орналасқан әйелдер колониясы, №157/9 және №157/1 мекемелерінде ҚР Қылмыстық Кодексінің 188 және 190 баптарымен, яғни ұрлық, алаяқтық қылмыстарымен жазасын өтеп жүргендер қатысты.