Атыраулықтар заңсыз қаруларын тапсырып 2,5 млн теңгеден астам сыйақы иемденді

Атыраулықтар заңсыз қаруларын тапсырып  2,5 млн теңгеден астам сыйақы иемденді
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды пайдалануға байланысты қылмыстардың алдын алу мақсатында Атырау қаласының аумағында 25 сәуірден басталған акция кезінде полицияға қаруды өз еркімен тапсыру туралы ниет білдірген 37 азаматтан өтініш келіп түскен. Тұрғындар 36 бірлік тегіс ұңғылы, 5 иір ойық қаруды өз еріктерімен тапсырған. Олардың барлығы 2 млн 852 460 теңгеге бағаланды.
Азаматтарға сыйақы ҚР Ішкі істер министрінің «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларына бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес төленетін болады.