Атырау облысы Полиция Департаментінің инспектор-психологтары Индер аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен “Бірлігі бекем ұжымбыз” тақырыбында психологиялық тренинг сабагы өткізді. Тренингтің мақсаты - ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту, қызметкерлер арасындағы жақсы қарым-қатынасты нығайту, көңіл-күйді көтеріп, қызметке деген ынтаны арттыру. Психологиялық тренинг барысында қызметкерлер бір-бірлеріне алғыс, жақсы тілектер айтып, түрлі жаттығуларды орындап, оларға пайдалы ақпараттарға толы үлестірмелі материалдар таратылды. Тренинг соңында, қызметкерлермен кері байланыс орнатылып, қызметкерлер тарапынан ұсыныстар айтылды.