Тәртіп сақшыларына үш жақты келісімшарт негізінде ипотека рәсімдеу түсіндірілді

Тәртіп сақшыларына үш жақты келісімшарт негізінде ипотека рәсімдеу түсіндірілді
Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан полиция қызметінің имиджін арттыру, ішкі істер органдары қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар шаралар іске асырылуда.
Солардың бірі – ипотека рәсімдеу арқылы баспаналы болу. Ағымдағы жылғы 1 сәуірде Мемлекет басшысымен ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін баспана алудың жаңа тәртібін реттейтін заңға қол қойылды. Енді тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлер екінші деңгейлі банктермен үш жақты келісім шарт жасау арқылы ипотека рәсімдей алады.
Ипотеканың ай сайынғы төлемі мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Яғни, тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелерінің әрқайсысына ай сайын – 32976 теңге мөлшерінде төленетін болады.
Осы енгізілген өзгерістерді жеке құрам назарына жеткізу мақсатында Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция подполковнигі Нұржан Шаеденов және осы басқарманың бас маманы Нұрлан Дюсембиев қызметкерлермен кездесіп, оларға ай сайын мемлекет тарапынан төленетін ипотека рәсімдеудің тәртібі мен ережелері туралы толық ақпарат берді.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
- Екінші деңгейлі банктер арқылы келісім жасақтау арқылы ипотекамен тұрғын үй алу – бұл полиция қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуына өзінді септігін тигізеді деп есептейміз - деді, Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция подполковнигі Нұржан Шаеденов.