Көше бойында төбелес шығарған екі азамат айыппұл арқалады

Көше бойында төбелес шығарған екі азамат айыппұл арқалады
3 қазан күні сағат 03:18 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Темірханов көшесінде екі адам төбелесіп жатқанын байқап, жақын маңда жүрген полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.
Бағыттама бойынша оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция қызметкерлері 1991 ж.т., және 2001 ж.т., қала тұрғындарын анықтаған. Олар араларында келіспеушілік болып қалғандығын айтып, өз кіналарын мойындаған .
Екі азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданды. Сот шешімімен 30 және 21 жастағы азаматтардың әрқайсысына 10 300 теңге көлемінде айыппұл салынды.