5 қыркүйек күні сағат 06:20 шамасында Сәтпаев көшесінің бойында 1991 ж.т. азамат басқаруындағы маркасы “Lada 21715” көлік кұралын алкогольдік ішімдік ішкен күйде басқара отырып, басқару жүйесін игере алмай жол жиегіне шығып кетіп, жолды бөліп тұрған көгалды тапап, жасыл желекке жане жаяу жургіншілер жол белгісіне соқтығысқан.
Қазіргі уақытта автокөлік арнайы тұраққа койылып, 30 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 3 бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер) әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.