Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1991 жылғы 6 қыркүйектегі бұйрығымен ішкі істер органдарында дербес штаттық анықтау қызметі құрылды. Анықтаушының жұмысы жауапты әрі қажырлы. Бұл мамандардың басты міндеті - қылмыстың барлық егжей-тегжейін қалпына келтіру, оларды жасаған адамдардың әрекеттерінің себептерін мұқият түсіну. Адамдарды сұрастыру және әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау немесе қылмыс белгілері болған жағдайда қылмыстық іс қозғау. Анықтау кезеңінде азаматтың қандай да бір қылмыс немесе құқық бұзушылық жасаған уәжін түсіну маңызды.