Жол қозғалысын реттеу жұмыстары жалғасуда

Жол қозғалысын реттеу жұмыстары жалғасуда
19 шілде күні Атырау қаласы Құрманғазы-Бейбарыс даңғылы қиылысында автобус және жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан аталған қиылыстағы бағдаршам объектісі зақымданған болатын.
Қазіргі уақытта аталған қиылыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік кептелісін болдырмау мақсатында Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен үздіксіз жол қозғалысын реттеу жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты Атырау облысы Полиция департаменті бағдаршам объектісі қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, орын алған уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырады!