Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Көші-қон қызметіне алғыс білдірді

Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Көші-қон қызметіне алғыс білдірді
Атырау облысы Полиция департаменті Махамбет аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметі өз жұмысын қарқынды атқаруда.
Атап өту керек, жергілікті тұрғын Туреева Гулнара Тлеумуратовна Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға Махамбет аудандық полиция бөлімі Көші-қон қызмет тобына өз өтінішін білдірген. Тәртіп сақшылары тиісті шараларды қабылдап, тұрғынның Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы өтінішін қанағаттандырып, Қазақстан Республикасының азаматтының жеке куәлігін жасап берді.
Өз кезегінде, 41-жастағы азаматша полицейлердің жедел жұмыстары үшін шынайы ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
Атыраулық полицейлер кез-келген тұрғыннан өз құжаттарын заңға сәйкес дұрыс жасауын қадағалауға кеңес береді.