- Әрқашан қауіпсіздік белдіктерін бекітіп, балаға мұны не үшін жасау керектігін түсіндіріңіз. Егер бұл ережені сіз автоматты түрде орындасаңыз, онда ол баланың қауіпсіздік белдігін бекіту әдетін қалыптастыруға ықпал етеді. Балаға арналған қауіпсіздік белдігінде оның биіктігі бойынша адаптер болуы керек (белбеу мойын деңгейінде болмауы үшін).
- 12 жасқа дейінгі балалар арнайы балаларды ұстайтын құрылғыда (креслода) отыруы немесе автомобильдегі ең қауіпсіз орындарды, яғни артқы орындықтың ортасы мен оң жағын алуы тиіс.
- Балаға тротуардың жағында орналасқан оң жақ есік арқылы көліктен дұрыс шығуды үйретіңіз.