1 маусым- балаларды қорғау күні!

1 маусым- балаларды қорғау күні!
Бүгін халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күні барлық ата-ана кішкентай балақайларға ерекше көңіл бөледі. 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында балалар күнін өткізу жөніндегі шешім қабылданады. Халықаралық балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылы атап өткізілді. Шын мәнінде балалардың әр күні мереке болуы тиіс. Олардың өмірінің қауіпсіз болуы, соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру барлығы кез келген адамның міндетіне кіру керек. Елімізде балаларға арналған көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылып, жалпыхалықтық деңгейде аталып өтіледі. Ендеше барлық балаларды төл мерекелерімен құттықтаймыз. Болашақ ұрпақ әрқашан бейбітшілікте өмір сүруіне және елін, жерін қорғайтын азаматтар болып өсуіне тілектеспіз!
Ізгі ниетпен, Қамза Үмбетқалиев Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі