Жасөспірімдер тәртібі-полицияның үнемі бақылауында

Жасөспірімдер тәртібі-полицияның үнемі бақылауында
Жазғы демалыс уақыты – ювеналдық полицейлердің ерекше жауапты кезеңі.​ Міндет – жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауына жол бермеу.
Осы бағытта қала аумағында кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын, құқықтық мәдениетін арттыру бағытында әртүрлі іс-шаралар атап айтсақ,«Құқықтық тәртіп», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Жанұя және бала» атты алдын алу профилактикалық іс-шаралары ұйымдастырылып келеді. ​ Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға, заңсыздықты болдырмау және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында атқарылған профилактикалық шараларға қарамастан жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтар : яғни түнгі уақытта сағат 23:00-ден кейін көшеде заңды өкілсіз ​ жүруі, 22:00-ден кейін ойын-сауық орталықтарында ​ (компьютерлік клубтарда отыру), топтасып төбелесу, ата-анасымен ренжісіп үйінен кетіп қалу дерегі, белгіленбеген жерде суға түсу, ​ ата анасының қатысуынсыз көлік құралдарын айдауы және т.б . Тәжірибе көрсеткендей, бұл әрекеттер көп жағдайда жасөспірімдердің ата-тарапынан қадағалаусыз қалдырулары себеп болып жатады.
Өз кезегінде Атырау қаласының полиция басқармасы ата-аналарға балаларының қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертеді.
Жазғы демалыс уақыты басталып, балалардың далада жүретін бос уақыты көбейді. Демалыс уақытының қайғы мен жарақатқа айналмауы өте маңызды. Сондықтан да балаларыңызға қала көшелерінде қауіпсіздік пен жол жүру ережелерін сақтау туралы ескертулеріңізді сұралады.
Балаларыңызға түнгі уақытта үйден тыс жерде болуға тыйым салыңыз. Егер балаңыз үйге кеш оралса, оны күтіп алуға тырысыңыз, егер олар үйде жалғыз болса, таныс емес адамдарға есікті ашуға тыйым салыңыз. Егер сіз баланыздың тұрған жерін білмесеңіз және ол телефон қоңырауларына жауап бермесе, уақыт жоғалтпай тез арада полицияға хабарласыңыз.
Атыраулық полицейлер баланың түнгі уақытта үйден тыс жерде үлкендердің еріп жүруінсіз болуы қайғылы оқиғалардың құрбаны болуы мүмкін екенін еске салды. Ата-аналардың бақылаусыздығы жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасауының негізгі себебі болуы мүмкін немесе балалардың өздеріне қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасалуы мүмкін.
- Жазғы демалыс уақыты кезінде полиция қызметкерлері қала аумағында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерлерде болуын анықтауға бағытталған рейдтік алдын алу іс-шараларын өткізеді. Барлық анықталған тәртіп бұзушылық фактілері бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылады», - деп атап өтті Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.