Исатайлық тұрғыннан 30 келіге жуық бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Исатайлық тұрғыннан 30 келіге жуық бекіре тұқымдас балық тәркіленді
«Бекіре-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде 2000 ж.т. Исатай ауданы тұрғынының үйінен жалпы салмағы 29 кг 800 грамм болатын бекіре тұқымдас балығы табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.