Атырауда демалыс күндері 320-ға жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Атырауда демалыс күндері  320-ға жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылды
- Атырауда патрульдік полиция батальонының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, мереке күндері яғни, 1-3 мамыр аралалығында күшейтілген негізде жұмыс жүргізіп, нәтижесінде, 312 көлік жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартты - деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Оның басым бөлігін атап өтетін болсақ:
-алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде көлік құралын басқарған-5 жүргізуші;
-жүргізуші құқығынан айырылған күйде көлік басқарған -3 жүргізуші;
-жолдын қарсы бағытына шыққан-4 жүргізуші;
-көлігіне лэд, ксенон жарық шамын қондырған -7 жүргізуші,
-жалған мемлекеттік белгі орнатылған көлік құралын басқарған -1 жүргізуші,
-көлік құралының алдыңғы әйнектерін қаранғылатқан-7 жүргізуші анықталды.
Мысалы, 3 мамыр күні сағат 05:14 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Молдағұлова-Құспан Молла көше қиылысында маркасы "Pejo” автокөлігін тоқтату кезінде, автокөлік жүргізушісі Молдағұлова көшесі бойымен полиция қызметкерлерінің автокөлікті тоқтату талабын орындамайды. Алайда, автокөлік дер кезінде тоқтатылып, тексеріс кезінде 1987 ж.т., жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалаған.
Медициналық сараптаманың қорытындысымен оның жеңіл дәрежеде мас екендігі анықталды.
Одан басқа, 34 жастағы азаматтың бұрын соңды көлік жүргізу құқығынан айырылғандығы және 2 топ мүгедегі екендігі белгілі болды.
Аталған азаматқа қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 613 бабымен (ішкі істер органдарының қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы талабын орындамағаны үшін), ҚР ӘҚБтК-нің 595 бабымен (маневр жасау талаптарын орындамағаны үшін) әкімшілік хаттамалар жасақталып, 102 мың 095 теңге айыппұл салынды.
Одан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 8 бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру, осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер) әкімшілік хаттама толтырылып, аталған азаматқа сот шешімімен 2 топ мүгедектігі болған себептен 402 мың 830 теңге көлемінде айыппұл салынып, көлік құралы арнаулы тұраққа қойылды.
Бұл бағыттағы жұмыстарды патрульдік полиция қызметкерлері тұрақты негізде жүргізуде.