Атыраулық полицейлер жүргізушілерді сақ болуға шақырады!

Атыраулық полицейлер жүргізушілерді сақ болуға шақырады!
Ұялы телефон кез-келген заманауи жүргізушінің ажырамас бөлігі болып табылады. Алайда, телефонмен сөйлесуге тыйым салынады, өйткені бұл апатқа әкелуі мүмкін. Ұялы телефонмен сөйлескен кезде жүргізушінің назары ауады, яғни алаңдаушылық пайда болады.
ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабына сәйкес "Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы":
1. Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет — он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады - деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.