Бір апта ішінде айыппұл төлемеген 21 шетелдік автокөлік айып тұрағына қойылды

Бір апта ішінде айыппұл төлемеген 21 шетелдік автокөлік айып тұрағына қойылды
- 26 сәуір - 2 мамыр аралығында яғни, бір апта ішінде қала аумағында патрульдік полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, төленбеген айыппұлдары бар 24 автокөлікті анықтады. Олардың 20-сы Ресей, 3-уі Армения елінен әкелінген автокөліктер болса, 1 көлік Грузия елінен әкелінген автокөлік - деді Атырак облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Аталған автокөліктердің құқықбұзушылықтары жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тиым салынған түсінен өту қағидаларын бұзғандары үшін "Сергек" аппаратты бағдарламалық кешені арқылы анықталған.
24 автокөліктің ішінде соммасы 422 963 тенгені төленбеген айыппұлдары бар 21 автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, 3 автокөліктің жүргізушісі 61 155 теңге көлемінде айыппұлдарын төлеген.
Мысалы, 2 мамыр күні сағат 14:10 шамасында Азаттық даңғылында орналасқан 20 үйдің тұсында патрульдік полиция қызметкерлері 1990 жылғы туылған азаматтың басқаруындағы Ресей елінде тіркеуде тұрған “Ваз 2115” маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс барысында аталған автокөліктің 125 431 теңгені құрайтын төленбеген 9 айыппұлы бар екендігі анықталып, автокөлік
ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабына сәйкес, арнаулы тұраққа қойылды.
Осыған байланысты, Атырау қаласының тұрғындары мен қала қонақтарынан өздеріңізге салынған айыппұлдарды уақытылы төлеп, төленген түбіртектеріңізді Атырау қаласы Полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөліміне тапсыруларыңыз сұралады.
Мекен-жайымыз: Атырау қаласы, Нұрсая м/а, Әбілхайыр хан даңғылы 55, «Полиция» ғимараты, 2 және 3 терезе.
Байланыс телефондары: 98-23-06, 98-23-26.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.