Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік азаматтың төлқұжатын тіркеу талап етілмейді. Болу мақсатына қарамастан, қабылдаушы тарап көші-қон қызметіне шетелдіктің (қонақ үйлер, хостелдер, жалға берілетін пәтерлер, емдеу-алдын алу мекемелері және басқа да заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар) болғаны туралы хабарлауға міндетті.
Қабылдаушы тарап келген көшіп келушілер туралы олар келген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде, ал жұмыс беруші болған жағдайда - кәсіпорынға келгеннен бастап хабарлауға міндетті.
Бұл ретте хабарлама шетелдіктің Қазақстанға келгені туралы ғана емес, тұрғылықты жерін ауыстырған немесе өзге облысқа кеткен кезде де қойылады.
Хабарламағаны үшін жеке тұлғаларға ескерту, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 10 АЕК, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – тиісінше 15 және 20 АЕК айыппұл салынады.
Үш жолмен хабарлай аласыз:
- визалық көші-қон порталы арқылы
www.vmp.gov.kz (электрондық цифрлық қолтаңба қажет);
- EGOV "Электрондық үкімет" порталы арқылы (электрондық-цифрлық қолтаңба қажет);
- көші-қон қызметіне жазбаша өтініш беру арқылы.
Электрондық қызметтерді алу үшін:
- электронды-сандық қолы болу (ЭСҚ);
- vmp.gov.kz порталда тіркеуден өту;
- “Шетелдіктің келуі туралы хабарлау” өрісін таңдап, қажетті электрондық өтінішті толтырыңыз;
- электрондық анықтаманы шешімімен алу және басып шығару;
- өтініш бойынша бас тартылған жағдайда көші - қон қызметі бөлімшелеріне (жеке тұлғаға - тұрғылықты жері бойынша, заңды тұлғаға - тіркелген жері бойынша) жүгіну қажет.