Атырауда 4 күнде отбасы-тұрмыстық қатынастарға қатысты 192 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді

Атырауда 4 күнде отбасы-тұрмыстық қатынастарға қатысты 192 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді
- "Атырау облысы аумағындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты анықтау мақсатында 2021 жылғы ақпан айының 26 және 1 наурыз күндері аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді," - деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев. Іс-шара барысында ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрғандарға қадағалауды күшейту мақсатында оларды мекен жайларынан тексеруге және отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында қылмыс жасауға бейім адамдарды дер кезінде анықтап, ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.
​ІІО-ның профилактикалық есебінде тұрғандар 1162 мекен-жай тексерілді. Атап айтқанда, қорғау нұсқамасы шығарылған - 221, ерекше талаптар орнатылған - 146, маскүнем - 547, сондай-ақ, 103 қолайсыз отбасы және 145 нашақор есебінде тұрған тұлға тексерілді.
Жанұясында жанжал орын алғандығы туралы 102 операторына 53 арыз келіп түсіп, тексерілді.
Сонымен бірге, іс-шара барысында 94 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамасы, 7 тұлғаға ерекше талаптар белгіленді. 192 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.