Көлігіне лэд, ксенон таққан 289 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Көлігіне лэд, ксенон таққан 289 жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Қала аумағында жолда жүру ережесін бұзушылар арасында алдыңғы жарық беру аспаптарына Ксенон, Лэд қондырған автокөліктер көп кездеседі. Себебі жолдың қарсы бағытында қозғалыста жүретін көлік құралдарының жүргізушілердің көздеріне шағылысып жол қозғалыс қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп көптеген наразылық тудыруда - деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Умбетқалиев.
Осы бағытта 2021 жыл басынан ҚР ӘҚБтК 590 бабы 5 бөлімі (сыртқы жарық беру аспаптар деректері көлік құралының конструкция талаптарына сәйкес келмейтін автокөліктер)- яғни ксенон лэд қондырған 289 жүргізушіге қатысты ҚРӘҚБтК-нің 590 бабының 5 бөлімімен әкімшілік хаттама жасақталып, әр қайсысына 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Мысалы, 25 ақпан күні сағат 11:18 шамасында Жұмыскер ауылы Қанат көлік жөндеу станциясы тұсында Ваз 2111 маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде жүргізушісі 1980 ж.т., азамат көлік құралын ксенон жарығымен басқарғаны анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 590 бабы 5 бөлімі (сыртқы жарық беру аспаптар деректері көлік құралының конструкция талаптарына сәйкес келмейтін автокөліктер) әкімшілік хаттама жасақталып, 14 585 көлемінде айыппұл салынды.