Атырау қаласында 2021 жыл басталғалы мас күйде көлік тізгіндеген 81 мас жүргізуші анықталды

Атырау қаласында 2021 жыл басталғалы мас күйде көлік тізгіндеген 81 мас жүргізуші анықталды
Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлерімен жыл басынан мас күйінде көлік басқарған 81 жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мысалы, 24 ақпан күні сағат 16:50 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Атырау-Астрахань тас жолы "Аренда" базасы тұсында, "Ауди А6" маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 1989 ж.т., жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалаған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, көлік жүргізушісі сот шешімімен 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.