Исатай ауданында қар құрсауында қалған 3 адам табылды

Исатай ауданында қар құрсауында қалған 3 адам табылды
Исатай аудандық Полиция қызметкерлеріне 23 ақпан күні 16:00 шамасында Исатай ауданы, Айбас елді мекенінен Тұщықұдық ауылына жолға шыққан жолаушылар іс-түссіз жоғалды деген хабарлама келіп түсті.
"Нива" автокөлігімен құмнан ауылға бет алғандардың ішінде 2, 8-сынып оқушылары да болған.
- Полиция қызметкерлері, Төтенше жағдай, дәрігерлер және еріктілермен бірлескен арнайы іздестіру тобы екі үлкен техникамен таңда жолға шығып, жедел іздестіріп, нәтижесінде 3 адам да аман табылды. Барлықтарының да жағдайы қалыпты - деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.