Түнгі жарыс: Атырауда апатты жағдай туғызған 600-ден астам дерек тіркелді
Атырау облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрескел құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік жұмыстар жүргізуде.
Рейд барысында жол қозғалысы ережелерін бұзып, қауіпті маневр жасайтын және өзге де жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін жүргізушілер анықталуда.
Жыл басынан бері жол қозғалысына қатысушылардың апатты жағдай туғызуына әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу бойынша 616 дерек, ал маневр жасау қағидаларын бұзу бойынша 2 558 дерек анықталды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады