
Атырау облысы аумағында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында 30 қыркүйек -3 қазан аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Негізгі мақсаты – қала көлемінде отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды ескерту және алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамасын шығару, ерекше талап белгілеу, профилактикалық есепте тұратын адамдармен профилактикалық жұмыс ұйымдастыру.
Құрметті тұрғындар! Егер отбасы тұрмыстық қарым-қатынас саласында болып жатқан оқиғаның куәсі болсаңыз, міндетті түрде полицияның 102 арнасына хабарласуыңызды сұраймыз.