Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарының назарына!

Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарының назарына!
Атырау облысы полиция департаменті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
📹 Осыған байланысты, Атырау – Ресей Федерациясының шекарасы, «Құрманғазы» өткізу пунктіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін «АТОМ» жүйесі тестілік режимде іске қосылды.
Жүйе арқылы:
🔹 белгіленген жылдамдық режимінің сақталуы;
🔹 жол учаскесіндегі орташа қозғалыс жылдамдығы;
🔹 қауіпсіздік белдігін тақпау;
🔹 көлік құралын басқару кезінде телефон пайдалану;
🔹 өзге де жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтар автоматты түрде анықталады.
⏱️ Орташа жылдамдық көлік құралының бақылау учаскесіне кірген және шыққан уақыты, жүріп өткен қашықтық пен уақыт аралығы негізінде есептеледі.
⚠️ Осыған байланысты жүргізушілерден камера орналасқан жерге жақындағанда ғана жылдамдықты төмендетпей, бүкіл бақылау учаскесі бойында белгіленген жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз.
🚦 Жол қозғалысы ережелерін сақтап, өзіңіздің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыз!