16 жасқа толқан азамат жеке куәлігін уақтылы рәсімдеуі қажет

16 жасқа толқан азамат жеке куәлігін уақтылы рәсімдеуі қажет
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, азаматтарға жеке куәлік 16 жасқа толғаннан бастап беріледі.
Жеке куәлік – азаматтың жеке басын куәландыратын негізгі құжаттардың бірі.
👨‍👩‍👧‍👦 Осыған байланысты ата-аналардан балалары 16 жасқа толған кезде жеке куәлігін уақытылы рәсімдеуіне назар аударуды сұраймыз.
📍Жеке куәлік «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тың Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) арқылы рәсімделеді.
🔹 Алғаш рет жеке куәлік рәсімдеу кезінде 16 жасқа толған азаматтың өзі қатысуы қажет.
🔹 16 жасқа толған кезде жеке куәлікті алғаш рет рәсімдеу үшін мемлекеттік баж алынбайды.
⚠️ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен тұруына байланысты әкімшілік жауапкершілік көзделген.
📌 Жеке куәліксіз 10 күннен 1 айға дейін тұру – ескерту жасауға әкеп соғады.
📌 Белгіленген мерзімнен асып кеткен жағдайда – 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.
📌 Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса, 13 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
👨‍👩‍👧‍👦 Құрметті ата-аналар!
Балаңыз 16 жасқа толған кезде оның жеке куәлігін уақытылы рәсімдеуді назардан тыс қалдырмаңыз.
Жеке куәлік – азаматтың жеке басын растауға және мемлекеттік әрі басқа да қызметтерді алуға қажетті маңызды құжат.