23 қыркүйек күні сағат 10:30 шамасында Мұса Баймұханов көшесі бойында Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы 2,7 млн теңге көлемінде өтелмеген 43 айыппұлы бар BMW маркалы автокөлікті анықтады.
Аталған ақпарат патрульдік полиция қызметкерлеріне жедел түрде жолданып, тәртіп сақшылары бағыттама бойынша аталған көлікті тоқтатты.
Құқық бұзушыға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданып, көлік құралы арнаулы тұраққа қойылды.
Тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, жол қозғалысы ережелерін бұзбауға және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда айыппұлдарды заңда белгіленген тәртіппен уақтылы өтеу қажеттігін ескертеміз.