Атырауда түнгі уақытта құқық бұзған бірнеше автокөлік арнайы тұраққа қойылды

Атырауда түнгі уақытта құқық бұзған бірнеше автокөлік арнайы тұраққа қойылды
 
Атырау қаласында түнгі уақытта қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
👮‍♂️ Патрульдік полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде түрлі құқық бұзушылықтарға жол берген 4 автокөлікті анықтап, арнайы тұраққа қойды.
Мәселен, қала аумағында «Lada Priora» маркалы автокөлікті басқарған 2006 жылы туған азамат түнгі уақытта көлігінен музыканы қатты қойып, айналасындағыларға кедергі келтіріп, тұрғындардың тыныштығын бұзған.
Аталған факті бойынша азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы («Тыныштықты бұзу») бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Сонымен қатар, түнгі уақытта түрлі құқық бұзушылық жасаған өзге де жүргізушілер анықталып, оларға қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
⚠️ Полиция ескертеді: түнгі уақытта қоғамдық тыныштықты бұзу, жол қозғалысы талаптарын сақтамау және өзге де құқық бұзушылықтар назардан тыс қалмайды. Заң талаптарын бұзған тұлғалар белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.