Департамент бастығы Өзбекстан Республикасының Бас консулын қабылдады

Департамент бастығы Өзбекстан Республикасының Бас консулын қабылдады
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев Ақтау қаласындағы Өзбекстан Республикасының Бас консулы Жамолиддинхужа Абдукаримовты қабылдады.
🤝 Кездесу барысында екі ел арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
📌 Сонымен қатар, ҚР Көші-қон саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.