Дрон көмегімен абаттандыру қағидаларын бұзудың 97 дерегі анықталды

Дрон көмегімен абаттандыру қағидаларын бұзудың 97 дерегі анықталды
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.
👮‍♂️Рейд барысында көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен қоғамдық орындардың тазалығы, тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерлерге тастау фактілері, қоршаған ортаны ластау және абаттандыру талаптарын сақтау мәселелері назарға алынды.
🚁 Жыл басынан бері дронның көмегімен қала аумағында абаттандыру қағидаларын бұзудың 97 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға қатысты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар жасақталды.
🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру және қала аумағының тазалығын қамтамасыз ету.