Атырауда TargetEye арқылы 10 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Атырауда TargetEye арқылы 10 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Атырау қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Жедел басқару орталығының қызметкерлері тәулік бойы жұмыс атқарады. Бүгінде қала аумағында 8 600-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның 3 782-сі «TargetEye» бағдарламасына қосылған. Жыл басынан бері аталған жүйе арқылы 10 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 335 қылмыс ашылған.
📹 «TargetEye» бағдарламасы бейнебақылау камералары арқылы қаладағы жағдайды автоматты түрде бақылап, құқық бұзушылық белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Жүйе жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылаумен қатар, қоғамдық тәртіпке қатысты өзге де құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға көмектеседі.
🔹 Жаңа цифрлық технологияларды полиция қызметіне енгізу құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюға, олардың алдын алуға және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бейнебақылау камералары мен «TargetEye» жүйесінің үздіксіз жұмысы — қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды құралдардың бірі.