
Атырау облысында 150-ден астам әуесқой велоспортшының басын қосқан «Tour de Saraishyq-2026» велошеруі өтті.
Шараға Атырау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция капитаны Сұлтан Сапарғалиев және Индер ауданы полиция бөлімі көші-қон тобының инспекторы полиция капитаны Римма Арыстанова қатысты.
Велошабандоздар сапарын Сұлтан Бейбарыс алаңынан бастап, Махамбет ауданындағы тарихи Сарайшық қалашығында мәреге жетті. Қатысушылар 105 шақырымдық қашықтықты еңсерді.
Шара аясында қатысушылар «Сарайшық» сапар орталығына барып, ортағасырлық қаланың тарихы мен мәдениетімен танысты.
Полиция қызметкерлері велошеруге қатысып, спортқа деген қызығушылықтарын ортаға салды. Белсенді өмір салтын ұстану – жақсы көңіл-күй мен жаңа күш-қуаттың кепілі.