Атырау полицейлері заңсыз аңшыны жауапкершілікке тартты

Атырау полицейлері  заңсыз аңшыны жауапкершілікке тартты
"Құқық тәртібі" республикалық жедел шара барысында полиция қызметкерлері Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округіне қарасты "Кіндіксай" елді-мекені маңындағы далалықта УАЗ көлігін тоқтатты.
Көлік салоны ішінен Ішкі істер органдарына тіркелмеген тегіс ұңғылы 1-дана аңшы қаруы, 10 дана оқ-дәрі, қосымша жарық беру құрылғысы және атылған дала қояндарының үшеуі табылды.
Көлік жүргізушісі Миялы селосы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігімен жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды. "Құқық тәртібі" жедел профилактикалық іс-шарасы 30 қарашаға дейін жалғасады.