Атырау полицейлері жоғалған баланы тауып берді

Атырау полицейлері  жоғалған баланы тауып берді
Авангардтағы 4 ықшам ауданының тұрғыны 11 жастағы жасөспірім сағат 11:00 шамасында қоқыс төгуге шығып кетіп, үйге қайта оралмаған. Оқиға бойынша анасы өздері іздеп таба алмай, сағат 20:00 шамасында 102 операторына хабарлайды.
-"Іздеу жұмыстарына патрульдік, ювеналдық, учаскелік және жедел уәкілдері жұмылдырылды. Жедел басқару орталығының бейне камералары арқылы баланың болуы мүмкін деген аумақтар тексерілді.
Патрульдік полиция қызметінің БАТЫС-930 экипажы жоғалған жасөспірімді Балықшы-Жұмыскер көпірінің тұсынан тауып алып, бөлімге жеткізіп, анасына тапсырды. Ювеналдық полиция инспекторлары жасөспіріммен ата-анасын қатыстырып профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Ұлының аман табылғанына қуанған азаматша тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.