Ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап ҚР Заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізілді.

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап ҚР Заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізілді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға сәйкес, ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап ҚР Заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізілді. Соның ішінде басты назарға көлік құралдарын масаң күйде жүргізу фактісіне қатысты жауапкершілікке тарту мәселесі күрделенді. Ескі заңнама бойынша Қылмыстық кодексінің 346 бабы бойынша, айыппұл немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ жүргізуші куәлігінен 3 жылға айыратын болды. Ал қазіргі жаңа заңнамаға енгізілген өзгерістер нәтижесімен, Қылмыстық кодекстің 346 бабымен кінәлі деп танылған тұлға, 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айыра отырып, 15 тәулікке қамауға алынатын болды. Дегенмен, бұл бірінші рет автокөлікті масаң күйде басқарғаны үшін қолданылатын жаза екенін ескергені жөн. Осыған қоса, Қылмыстық кодекске жаңадан 345-1 бап бойынша масаң күйде жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу арқылы абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян, адам өліміне алып келген және абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне алып келген іс-әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Автокөлікті масаң күйде жүргізген тұлға анықталған кезде, автокөлік арнайы тұраққа қойылып, ұсталған азамат наркологиялық диспансер орталығына масаң күйінің дәрежесін анықтау үшін жеткізіледі. Егер жүргізуші куәландыру кезінде масаң күйі орта дәрежеде болған жағдайда, саықтыру бөлімшесіне жатқызылады. Ұсталған тұлға сауыққаннан кейін ғана полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оқиға бойынша қорғаушының қатысуымен толықтай жауап алынады. Азаматтың кінәсі дәлелденген кезде сот дәрігерлік сараптамадан өткізіліп, кінәлі тұлғаға қатысы уақытша ұстау изоляторына қамау бойынша шара қолданылады.
Атырау облысында жыл басынан 219 жол көлік оқиғасы тіркеліп, оның ішінде 65 қылмыстық іс адам өлімімен байланысты. Сонымен қатар, масаң күйде көлік құралдарын жүргізу бойынша 80-нен астам іс тіркеліп, сотқа жолданған. Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Ертас Бисенғалиев , азаматтарды сақтық шараларын ұстануға шақырады:
«Қыс мезгілінің басталуына орай, ауа райы тұрақсыз, жолда жүру қауіпі арта түсті. Осыған байланысты, әрбір жүргізуші көлік құралдарын жоғары жауапкершілікпен жүргізгені, ал жаяу жүргіншілер тек қана рұқсат етілген жолмен өтуі қажет. Өзіміздің және өзгелердің өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін, жолда аса мұқият болуларыңыз сұралады»- дейді полиция полковнигі Е.Бисенғалиев.