"Құқық тәртібі" кезінде полицейлермен құқық бұзушылықтар анықталды

"Құқық тәртібі"  кезінде полицейлермен  құқық бұзушылықтар анықталды
"Құқық тәртібі" жедел шарасы кезінде Атырау полицейлерімен қоғамдық орындарда,көшелерде құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Қаладағы Нұрсая ықшам ауданында орналасқан азық-түлік дүкендерінің бірінің сатушысы сағат 23:03 шамасында тұтынушыға 2 дана сыра сатқан. Дүкен иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабының 3 бөлімімен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Еркінов көшесінде орналасқан азық-түлік дүкен сатушысы сағат 22:30 шамасында қала тұрғынына 1 дана спирттік ішімдік сатқаны анықталды. Дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 200 бабының 3 бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
Авангард ықшам ауданында орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде пәтер тұрғыны түн тыныштығын бұзғаны туралы көршісі шағымданған. 25 жастағы жігітке ҚР ӘҚБтК-нің 437 бабының 1 бөлімімен (түнгі тыныштықты бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, 6945 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Учаскелік полиция инспекторлары "Учаске" жедел шарасы барысында, Сәтпаев көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің бірінің пәтерінде айдан астам уақытша тіркеусіз тұрып жатқан азаматшаны анықтады.
Тіркеусіз тұрып жатқан 31 жастағы азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабының 2 бөлімімен толтырылған әкімшілік хаттама негізінде 9 723 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Патрульдік полицейлер таңғы сағат 05:15 шамасында Махамбет көшесінде орналасқан ”Гелиос” жанар-жағармай тұсында “RENAULT DUSTER" автокөлігін тоқтатты.
Тексеру барысында, 52 жастағы жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені белгілі болды. Мас жүргізушіге ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен (ішімдік ішкен күйде көлік басқарған) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.