Кездесу барысында Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Оңал Бекеев балалармен пікір алмасып, олардың полиция қызметі туралы ойлары мен қызығушылықтарын тыңдады. Естелік сыйлықтар табысталды. Жас жеткіншектер департаменттің тыныс-тіршілігімен танысып, полицейлердің күнделікті атқаратын қызметімен танысты. Сондай-ақ, полиция қызметінің негізгі бағыттары, қызметтік міндеттер мен полицей болуға қойылатын талаптар туралы мағлұмат алды.