Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ернар Базаровтың қатысуымен полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері және жас жол инспекторларының гарнизондық саптық жиыны өтті.
Полиция қызметкерлері демалыс күндері қоғамдық тәртіпті күшейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарады. Жиын барысында басшылық тарапынан заңдылықты қатаң сақтау, азаматтармен сыпайы әрі мұқият қарым-қатынас жасау және қызмет атқару кезінде сервистік тәсілді ұстану қажеттігі атап өтілді. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, көшелер мен елді мекендерде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бағытында кешенді жұмыстар жүргізеді.