Атырауда полицейлер үндістандық саяхатшыға сапарын жалғастыруға көмектесті

Атырауда полицейлер үндістандық саяхатшыға сапарын жалғастыруға көмектесті
24 тамыз күні Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері – полиция аға лейтенанты Наурызбек Сұлтанов, полиция лейтенанты Әліби Жасталапов және полиция кіші лейтенанты Әкежан Бекболат қызметтік міндеттерін атқару барысында жол бойында велосипедпен келе жатқан шетел азаматын байқайды.
🌍 Саяхатшы Ресейден Қазақстан арқылы Үндістанға велосипедпен жол тартып келе жатқан. Алайда жолда адасып, ұялы байланыс пен интернетке қосылуда қиындықтарға тап болған.
📲 Полицейлер шетелдік азаматқа бірден көмек көрсетіп, SIM-картасын іске қосуға және интернетке қосылуына жәрдемдесті. Сонымен қатар оның қонақүй таба алмай жүргенін білген тәртіп сақшылары жақын маңнан қонақүй тауып, орналасуына көмектесті.
🤝 Осылайша, патрульдік полиция қызметкерлері жол үстінде қиындыққа тап болған саяхатшыға қолдау көрсетіп, оның сапарын әрі қарай жалғастыруына жағдай жасады.
👮🏻‍♂️ Бұл – полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен қатар, көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсетіп, қонақжайлық пен адамгершілік танытудың жарқын үлгісі.