
Салтанатты шараға Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Ешманов және ІІО ардагерлері қатысты. Шара барысында сөз сөйлегендер Дүйсенбай Нысанғалиұлының ел тыныштығын сақтауға және ішкі істер органдарының дамуына қосқан үлесін атап өтіп, оның өнегелі өмірі мен қызметтік жолы жас ұрпақ үшін үлкен тағылым екенін жеткізді.