Полиция қызметкерлері пилотсыз авиациялық жүйелерді қолдану бойынша оқудан өтті

Полиция қызметкерлері пилотсыз авиациялық жүйелерді қолдану бойынша оқудан өтті

📍 Атырау облысы полиция департаментінде пилотсыз авиациялық жүйелерді қолдану бағыты бойынша полиция қызметкерлеріне арналған оқу курсы ұйымдастырылды.

🎓 Оқу барысында қызметкерлерге пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану тәртібі, олардың қызметтік міндеттерді орындау кезінде қолданылу мүмкіндіктері және қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.

📜 Курс қорытындысы бойынша оқу бағдарламасын аяқтаған полиция қызметкерлеріне сертификаттар табысталды.

🔹 Заманауи технологияларды қызмет барысында тиімді пайдалану – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.