Өңірдің бас полицейі жұмыс сапарымен Исатай ауданына барды

Өңірдің бас полицейі жұмыс сапарымен Исатай ауданына барды
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев қызметтік іссапармен Исатай ауданына барып, аудандық полиция бөлімінің жұмысымен танысты.
Іссапар барысында ол Жанбай полиция бөлімшесінің қызметін, материалдық-техникалық базасын және азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын тексерді. Жұмыс барысындағы өзекті мәселелер талқыланып, қызметті жетілдіруге қатысты тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ департамент бастығы Исатай ауданында тұрғындармен кездесіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Кездесуде қоғамдық тәртіп, жол қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері көтерілді. Түскен өтініштер бойынша жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктелді.
Бұдан бөлек, аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен өткен жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылықты сақтау және профилактикалық жұмыстарды күшейту бағыттары қаралды.
Іссапар соңында қызметтік міндеттерін үздік атқарып жүрген бірқатар полиция қызметкерлері мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өзінің азаматтық ұстанымын танытқан тұрғындар марапатталды.