Кездесу барысында балаларға қауіпсіздік ережелерін сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полицейлер балалардың қауіпсіздігі – басты назарда екенін атап өтіп, кез келген жағдайда сақтық танытып, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар арнайы мақсаттағы жасақ қызметкерлері полиция қызметінің ерекшеліктерін таныстырып, қорғаныш шлемдері мен арнайы құрал-жабдықтарды көрсетті. Бүлдіршіндерге қызмет барысында қолданылатын дрондардың мүмкіндіктері таныстырылып, олардың жұмыс істеу тәртібі көрсетілді. Іс-шара аясында балалар арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылып, бүлдіршіндер шапшаңдық, ептілік пен ұйымшылдықтарын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша балаларға естелік сыйлықтар табыс етілді.